Қалмақтар қазақ қыздарының мойнына қылбығау салып, бұрымдарын ер тұрманына байлап тұтқындап бара жатқанда Бөгенбай батыр мен жанындағы қазақ жауынгерлері торуылдап отырған еді. "Елім-ай " лап зарлаған қазақ қыздарының шерлі үнін естіген қазақ жігіттері, көздеріндегі кекке толы жастарын сүртіп, тістерін қайрап бұйрық бергенше тағат таппады. Бөгенбай батыр қолын көтергенде бар жоғы 500 сарбаз, қалмақтың 3000 мың қолын жапырып өтті. Бір қазақ жігіті, он қалмаққа татыды. Сарбаздардың мұндай жанқиярлығы бойдағы жігіттік намыс, қазақ қыздарының ар-ожданы мен ұлтының келешегін ойлаудан туындаған ерлік еді. Ал, қазіргі қазақ жігіттері ше... Бұрынғылар сияқты қаракөздерді қарындасындай көре ме?! Жо, жоқ біз оларды он жігіттен қорғау тұрмақ, омырауыңды жап деуге де жағдайымыз жетпейді. Неге? Өйткені, бойымыздағы намыс пен ождан, қазақ қызына деген махаббаттан әдірем қалғанбыз. Барлығына топырақ шашпасам да, қазіргі қазақ жігіттерінің хәл-ахуалы осы. Оның ішінде өзімде бармын. Бір кем дүние...
Бағжан Бақберген-Ұлы