Екі алақаныңызды жайып, үрлейсіз және мына сүрелерді оқисыз: 1. «Фатиxа» сүресі 7 рет 2. «Аятул Курсиді» 3 рет 3. «Кәфирун» сүресі 1 рет 4. «Ықылас» сүресі 3 рет 5. «Фәлақ» сүресі 3 рет 6. «Нас» сүресі 3 рет Осыдан соң мына дұғаларды оқып Аллаға жалбарыну керек: 1. Аллаһумма, Раббаннаси, музһибаль-ба'си, ишфи Әнташ-Шәәфи, лә шафийа иллә Әнта шифәә'ән лә юғадиру сақаман! (Мағынасы: «Иә, Алла, адамдардың Раббысы, кеселдерді кетіруші, сауықтыр! Сен – Шипагерсің, Сенің шипаңнан басқа, шипа жоқ, бұдан кейін ауру қалмайтындай сауықтыр!». (Бұхари) 2. Науқас ауырған жерге қолын қойып отырады немесе алақанымен уқалайды. Аъузу би-ъиззатил-Ләәһи уә қудратиһи мин шәрри мә әжиду уа ухазиру! (Мағынасы: «Мені мазалаған жамандықтың кесірінен Алланың Құдіреті мен Күшіне сыйынамын» -деп айт» (Муслим) 3. Бисми-Ллаһи урқи-кә мин кулли шай'ин ю'зиика, мин шәрри кулли нәфсин әу ъайни хасидин! Аллаһу яшфикә, бисми-Ллаһи урқи-кә! (Мағынасы: «Саған барлық ауыртпашылықтарды туғызушыдан, кез келген адамның зұлымдығынан және жаман көзден сен үшін Алланың атымен сыйынамын! Алланың сені сауықтыруы үшін, Алланың атымен сыйынамын!» (Муслим) 4. «Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс(и), уәшфи, Әнтәш-Шәәфи, лә шифә’ә иллә шифә’укә, шифә’ән лә йуғадиру сақама(н). (Мағынасы: "Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа бер, Сен – шипа берушісің, Сенің шипаңнан басқа шипа жоқ. Ауруды қалдырмайтындай шипа бер») ___________________________ #асыларна #asylarna #asylarnatelekanal #апталық #демсалу #ауру #шипа #дұға

Теги других блогов: дұға ауру шыпа